01.06.2022
  132


Автор: Дәулет Мұқаев

Автобизнес

Автобизнес – бұл тек дөңгелек жөндеу мен көлік жуу немесе такси қызметін көрсету, автобөлшектерді сату ғана емес. Толығырақ автобизнеспен айналысқысы келетіндер үшін оның мынадай түрлері бар:


Машинаны қардан тазалау бойынша қызмет ұсыну.

Қысқы мезгілде пайда табудың тамаша әдісі – қар тұтқынында қалған көліктерді қазып шығару. Ешқандай салымның қажеті жоқ – үйде тазалау күрегі



  • қуыс күрек болса жеткілікті.


Дисктерді жарықтандыру/бояу.

Жарқырауық дисктер екі түрлі болады: жарықдиодты және құрамына люминофор кіретін бояумен сырланған. Бизнес құраушыға мұнда бірнеше нұсқа бар – бояу, жарықдиод, жарықдиод ленталар, қалпақшалар және өзге тауарлар сатумен айналысуға болады (мысалы, автожарықтың кең профильді интернет-дүкенін ашуға болады), тіпті жарықдиод бояу мен орнату бойынша қызмет көрсетуге болады. Дисктер бояу бойынша қызмет құны 5-10 мың теңге, яки автокөлік маркасына, бояу көлеміне, жұмыс күрделігіне және сіздің репутацияңызға байланысты.


 


Құрылыс техникасына тапсырыс қабылдау бойынша диспетчерлік қызмет.

Құрылыс техникасына көрінген компания ие бола бермейді – оны жалға алу тиімдірек.


 


Салонды қайта тарту.

Тыстарды тігу мен автомобиль салондарын түлету бойынша қызметтер жоғары сұранысқа ие.


 


Жүк көлігін жуу.

Жүк көлігін жуу – автобустар, жүк көліктері мен фураларға арналған мамандандырылған бизнес. Арнайы жуу құрылғысынсыз жүк көлігін кірден тазалау қиын, сондықтан мұндай сервистің клиенттері қашанда болады. Жүк көліктерін жуу қызметтері өнеркәсіп зоналарында, трассалар бойында және автотұрақтар маңында орналасады. Қызметті 5-6 миллион теңге тұратын автомат кешен орнату арқылы, немесе 300 мыңдық қол кешенін орнату арқылы жабдықтауға болады. Бастапқы жоғары шығындар ауқымды табыспен өтеледі – күніне 20 машина 40-50 мың теңге пайда түсіріп тұруы мүмкін.


 


Автомобильге арналған жапсырмалар дүкені.

Автожапсырмалар дайындау бойынша бизнеске көп нәрсе қажет емес: графикалық редакторларда жұмыс істей білу, кең форматты принтер және пленка түріндегі шығындайтын материалдар қажет. Жапсырмалау процесі біршама қарапайым, сондықтан бизнесті стикерлерді жасап, сату арқылы, өз интернет-дүкеніңізді іздеу жүйесінің топ- сайттарының қатарына енгізе отырып құруға болады және т.б.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу