Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  91


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Дәме

Қатар мініп өсіп ек бала шақтың тал атын,
Қатар қақсақ деуші едік болашақтың қанатын.
Айырды жол сезімді: мен – қырда, сен – қалада,
Көрдім содан өзіңді көп жыл өтіп арада,
Торы жорға астыңда тойға келдің толықсып,
Тобылғы өңді, толқын шаш, тоты ару болыпсың,
Жадау көңіл, жамау тон, жабы жирен тыртыңдап,
Көрінуге арланып, сығалаймын сыртыңнан,
Аспан мен Жер арасы-екеумізде күй бөлек:
Сені шаттық билемек, мендегі күй-күйгелек,
Үйіріліп соңыңнан сал-серілер үймелеп,
Өте шықтың жайқақтап, қағып-соғып кимелеп,
Өзегімді өксітіп Дəме - күшік қыңсылы,
Торы жорғаның шаңында қала бердім тұншығып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу