Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  305


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Құрбыма

Құрбым-ау, саған рахмет,
Көңілім сергіп қалды ғой.
Қайғы-мұң сәті жақын еді,
Қуаныш жаулап алды ғой.
Ризамын мені ұғынып,
Сырыма терең үңілсең.
Жүректе жүр ғой бір үміт,
Жырымнан нәр ал, түңілсең.
Шабытым келіп шаттанып,
Жүремін кейде қуанып.
Жүрегім мұңмен тапталып,
Қаламын кейде қуарып.
Өмірге келдім осылай,
Сезімім сел боп жаралған.
Сөйлеймін талмай, тосылмай,
Сезімнен мәңгі нәр алғам.
Жабықса көңід жұбатқан,
Сөзіңнен қуат аламын.
Өзіңді жүрек ұнатқан,
Тізбелеп отыр қаламым.
Бір ауыз сөзден жер болып,
Бір ауыз сөзің қуаныш.
Өмірге келдім ер болып,
Бір ауыз сөзің жұбаныш.
Ішімде сырым, ішімде,
Сыртымнан ұға алмассың.,
Ақынның жазған өлеңі,
Жүзінен өткір алмастың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу