Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  80


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Долы өзең тасқынымен арындайды...

Долы өзең тасқынымен арындайды,
Жүректе тұнып жатыр қалың қайғы.
Аспанды тіліп өткен найзағайдай,
Кеудемде бір от ұшқын жалындайды.
Айтқым кеп еді, бірақ та айта алмадым,
Кім қалайды бағының шайқалғанын.
Қайтсем де биік шыңға жетемін деп,
Талпынумен келеді майталманың.
Жауап аз, көп нәрсеге ағын сұрақ!
Өзгелер талпынуда, бағын сынап.
Халқымның көңілінен шықсам жетер,
Тәңірдің отырғам жоқ тағын сұрап.
Қамымен күйттеп жүріп, қара бастың,
Халқым-ау, неге бүгін қара бастың.
Байлықта бағы жанып мастанғандар,
Жағдайын қайтып ұқсын жалаңаштың.
Ел бар ма бұл заманда, дүрлікпеген,
Ер атанар Азамат тірлікпенен.
Жаңа ғасыр біздікі аттанайық,
Бейбітшілік, ынтымақ, бірлікпенен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу