Эсселер ✍️

  30.05.2022
  21752


Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы Демежан бейнесі

 


Қ.Жұмаділовтің “Тағдыр” романы қазақ халқының басынан өткерген қиын да ауыр кезеңін көз алдыңа бейнелеп беретін шығарма.Бұл туынды да түрлі кейіпкерлер сомдалады.Әр кейіпкердің характері жан-жақты ашыла түсіп, алуан тағдыры суреттелген.Тарихтың халық тағдырына қалай әсер еткендегі шығарманың өн бойынан байқалып тұрады.


 


Романның басты кейіпкері әрі қаһарманы – Демежан. Шығарманы оқи отырып, Демежанның алғаш образын Шәуешек аймақтық губернатор – Ши- амбының қарауында тілмаш болып қызмет істеп жүрген кезінен танимыз.


 


Романның сюжеттік-композициялық тұтастығын біріктіріп тұрған негізгі арна да – Демежан. Демежанның әділетсіздікке қарсы екендігін білдіретін тұс қиянатшыл,әділетсіз Маншың өкіметінің іс-әрекетіне қарсы шығуы.Демежан мінезінің ерекшілігінің бірі- әділетсіздікпен күресу амалын таба білген. Яғни қан төгіп, төңкеріс жасап жүрмей-ақ әділетті түрде шешудің жолын таңдаған. Оның басты мақсаты халқының ауыз-бірлігін, елдігін сақтап қалу. Шығармадағы Демежан характерінің қалыптасуын көрсететін әлеуметтік даулар толып жатыр. Соның бәрі де Демежанның образын толықтыра түседі.


 


Мысалы, Демежанның аймақтың әміршісі Ши-амбыдан жер, су сұрауы, шегараны бөлу комиссиясының мүшесі ретінде ел ішіндегі қоғамдық мәселелерге араласуы, Ли-шансыңмен қарым-қатынасы, халдайлармен арадағы қақтығысы т.б. толып жатқан сюжеттік желілер романның композициялық бітімін құрайды.


 


Автор басты кейіпкер Демежанды ала отырып,сол арқылы ол өмір сүрген дәуірдің,қоғамның,әлеуметтің шындығын барынша ашуға тырысты.


 


Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығы туралы ғалым Шерияздан Елеукенов былай дейді: «Автордың мәселе қоюдағы бірер ерекшелігін айта кету артық болмас деймін. Ол қазақ қауымының отаршылдық езгіге түскеннен кейінгі жерде адамдардың ішкі жан сарайындағы өзгерістерді зерттеуге деген құштарлығы дер едім. Роман қазақы мінездегі сол өзгерістерге тоқталғанда ерекше шұқшиятын кемістігі – бірсыпырамызға тән әрекетсіздігіміз».


 


Қорыта келе,ел игілігі үшін түрлі игі істерге ұйытқы бола біліп жаңашылдыққа ұмтылған,өз отанын қандай жағдай болмасын басын біріктіре біліп еңбек еткен,әделеттілікті жаны сүйетін Демежанның образы шығарманың негізгі айнасы десек қателеспейміз.Өн бойы ізгіліктен жаралған, жүзі иманды, сөзі сындарлы Демежанның «Тағдыр» десе дегендей-ақ, аянышты тағдыры, салауат ісі, өмірлік жолы аңыз ғып айтар ақиқат деп білемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

м
м 10.04.2023 09:28
юдбшщо.үпогшгапгршгүұннапи,скрзңугвегншроляыквенгп

Пікір жазу