Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  92


Автор: Бекен Әбдіразақов

Абай ескерткіші

Ақын тұр көзбен шолып төңірегін,
Дегендей неткен ғажап өмір едің!
Жанарын қадайды ару – Алматыма,
Кім білсін дей ме өлең боп төгілемін.
Ақынға алтын күн де мейірленіп,
Табиғат жатыр дарқан пейіл беріп.
Әлгінде өзі шыққан қарт Алатау
Кетіпті салтанатты сейілге еріп.
Тұр міне Алатаумен иықтасып,
Ұрпағы тұр алдында иіп басын.
Өз халқы қасиеттеп сыйлады оған
Алқызыл туған жердің биік тасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу