Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  75


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қыздары қайда кеткен бұл ауылдың?

Қыздары қайда кеткен бұл ауылдың,
Арманы болмады олар, сірә, кімнің?!
Аңқылдап келсем бүгін жеңгейлерге,
– Оңайда қыз жоқ,- дейді,– сендейлерге.
Нұсқайды шалқып жатқан көк теңізді,
Нұсқайды толқын ұрлап кеткен ізді.
Қараймын көз жеткісіз көк айдынға,
Тербеліп қалқып жүр-ау көп Ай мұнда!
Қалайша жеңгейлерді айыптармын,
Есе алмас көк теңізде қайықты әркім.
Жандары жаралған соң бұл Аралда,
Қыздары дауыл сүймей тұра алар ма?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу