Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  280


Автор: Бекен Әбдіразақов

Арал теңізі

Бетімен алтын айды сырғанатып,
Жағаға ақ көбікті ұрған атып.
Аңсаған сұлу Арал жатыр көлбеп,
Аспанмен құшақтасып нұрға батып.
Толқыны тебісе ме, жарыса ма,
Өкпелеп сәтте қайта табыса ма,
Баладай итжығысқа көнбей әсте,
Жалма-жан белдесе қап алыса ма?!
Бір кезде тына қалды қаймақтанып,
Жағаны сүйді толқын жайлап барып.
Сұлудай айна алдында маңғазданған
Теңізге қарай қалды Ай баптанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу