Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  122


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қуаныш күн туғалы бір аптадай...

Қуаныш күн туғалы бір аптадай,
Ойланар қойып тұр-ау сұрақ талай?!
Сарсаң ғып қайта оралып қонған құсым
Кете ме ұшып, қайдам, тұрақтамай?...
Тіршілік сол баяғы ағынымен
(Ғашықтан бетер сұмдық сағынып ем!)
Алаңсыз, аспай-саспай жүріп жатыр,
Менсіз ол күйрейтіндей қағынып ем!
Ай да аман, Күн де көкте, бас та аман,
Терек пен түбіндегі тас та аман.
Бәрі аман, бірақ маған тосындау ма
Әлдебір қымбатырақ басқа ғалам!
Менсіз де жаралғасын баста ғалам,
Баяғы тіршілігін тастамаған.
Жаутандап қарай берем жан-жағыма,
Апыр-ау, не көрінген қасқа маған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу