Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  83


Автор: Бекен Әбдіразақов

Алматыда қар қалың

Бір тілеуін қаптап ұшқан қарғаның
Бергендей ме, Алматыда қар қалың.
Қара суық жаландаған көшелер
Жатып қалды ауырсынып салмағын.
Тазалықтың падишасы – аппақ қар,
Ғайып болды көшедегі сатпақтар
Саф ауамен тыныстаған Алматым
Дегендей ме сұлулықты сақтап қал!
Автоларың бұқалардай сүзеген,
Шабуылға шығардай сап түзеген,
Ақбұйраны бұрқыратып сыпырды-ай,
Омбылатқан белуардан, тізеден!
Қайтсе-дағы Алматыда қар қалың,
Жаны кірді бала менен қарғаның.
Үлбіреген әлі де аппақ арманы –
Қалыңдықтай қылымсиды жалғаның!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу