Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  104


Автор: Бекен Әбдіразақов

Ауылым

Маңайың толы мелшиген,
Жусанды талай тұр төбе.
Сонда да сені мен сүйгем,
Кішкене ауылым Күлтөбе!
Өткенің маған өкініш,
Сен онда мылқау жер едің.
Жоқ еді онда өкім іс,
Өспеген талың-терегің.
Қараймын бүгін, қараңдар,
Көркіңе ғажап тоймаймын!
Ер ғой деп біздің адамдар,
Қараған сайын ойлаймын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу