29.05.2022
  91


Автор: Ескен Елубаев

АЙТҚАНЫ ДҰРЫС ПА?

Төрде отырып қасқиып,
Үлкен жиын бiр тойда.
Əкесiне бас тиiп,
Серiк миға бiр тойған.
Тəттi-ау, шiркiн, ми деген,
Дəмi ауыздан кетпейдi.


Бұрын қалай бiлмеген,
Дəмдi ас одан өтпейдi.
Содан берi ол қыңқылдап,
«Ми жеймiн», – деп көнбейдi.
Омыртқаны көрсе де,
«Миын алып бер», – дейдi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу