Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  98


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Түс. Қысқы Ақтау

Алғашқы қардай тап-таза болып,
Алдымда жатыр ақ қағаз өліп.
Жазылмай қалды бетіне жазу,
Өлең екеуміз Хаққа зар едік.
Періште ғой ол жерге құлаған,
Кәләмнан хабар бермеді маған.
Ақынның жасы тамады түннен,
Ағады түннен шерленіп әмән...
Қағаздың жоқ-ау ақ түсінде мін,
Бақ құсым дедім, дақ түсірмедім.
Өмірдің түсте кермегін татып,
Көрермін өңде тәттісін керім.
Бүлдіріп қайтем, сақтауға тұрар,
Күл қылып қайтем, жақпауға тұрар.
Қыс жатыр аппақ құрбаным сынды,
Аққудай әлем – Ақтауға құмар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу