Өлеңдер ✍️

  28.05.2022
  69


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Тағы да қала хақында

Ай, Ақтау,
Өмір шіркін қарашаға таяпты-ау...
Мен Бейнеуден арман қуып кетіп ем,
Өскенім рас бала болып саяқтау.
Көктеміңде қызды сүйдім қоңыр көз,
Есімде әлі со бір сезім, со бір кез.
Шаһар кезген шерлі шайыр екенмін,
Ауыл жайлы ой түсірмен көңілге ез.
Отты өлеңім сөнбек емес Отпаннан,
Өзегіңді өртеу үшін шоқ тамған.
Дала қалар одан сайын құлазып,
Табылмаса жоғалғанын жоқтарман.
Сенен безбес көк аспан да, теңіз де,
Гүл дидарың сыймас күзгі лебізге.
Қарашаның қабағынан қар жауса,
Тайғақ жолдың жанабынан мені ізде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу