Баталар ✍️

  27.05.2022
  227


Автор: Халықаралық балалар күні

Балалар күніне

Қанекей бата берейін,
Балалардың күніне.
Бала үйдің базары,
Шуақ шашар күніңе!
Аман болсын балалар,
Үн қосатын үніңе!
Күлімдесін балалар,
Күлкі кетпей жүзіне!
Періштесі үйіңнің,
Жадырасын, жайнасын!
Балалық шақ тәтті боп,
Бақытты боп ойнасын!
Бұлбұл құсы бағыңның,
Тоқтамасын, сайрасын!
Шырқалатын әнің бұл,
Жарқыратсын айнасын!
Әкім де олар ертеңгі,
Елдің қамын ойласын!
Дәл қазіргі шақта бұл,
Ойын ойнап, тоймасын!
Балалардың күнінде,
Мерекені тойласын!
Әрбір бала бақытты,
Сахнада ойнасын!
Саулықтары мықты боп,
Бойына ілім бойласын!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу