Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  77


Автор: Ошақбай Суханберлин

Бәріне көніп

Шуағын да көріп,
нұрын да күннің көзінен,
Жаныма ләзат, бойыма қуат
алып жүрмін өзіңнен.
Жеткізгендей сезінемін,
арманыма кейде мен,
Бір ауыз айтқан,
лүп еткен лебіз сөзіңнен.
Жаным-ау, қайда
бұрын қайда болғансың,
Менсіз қайда,
қай жақтарға барғансың.
Іздеп сені өмір бойы,
өмір бойы келемін.
Таба алмадым, кездеспеген,
қол жетпейтін армансың.
Армандап келем,
өзіңе қолым жете алмай,
Өзің түгіл,
бейнеңнен алыс кете алмай.
Қалайша жүрдік,
қалайша жүрміз әлемде,
Бірімізді-біріміз
қуанышты ете алмай.
Көріп ем сені,
іздеп жүрген арманым,
Ұстатпай кеттің,
бәрібір сенен қалмадым.
Кетерсің алыс,
әйтеуір саған жетермін,
Бәріне көніп
тозағына жалғанның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу