Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  119


Автор: Ерлан Рымбек

Несібелім

Бір тал гүлім,жаным сүйген балапаным,
Қалайша мен өзіңсіз жай жатамын.
Сенің әр бір жымыйып күлгеніңді.
Өлеңдетіп ішкі әлемде тойлатамын.
Жанып тұрған жалғыз жұлдыз шырағым,
Бойымды бір жылытты осы жыр-әнім.
Сағынамын сағыныштан сарғайам,
Алыс кетсем бір өзіңнен бір адым.
Ботақаным мамық қардай,мақпалым,
Күліп шыққан күндей менің ақтаңым.
Төсегіңді салмай қалсам бір күні,
Бірдеңе бататындай жатпадым.
Балапаным сұрап алған тәңірден,
Сендей бала табылмайды әр үйден.
Жылдам келші,зеріктім ғой өзіңсіз,
Ең жаманы сен жоқсың ғой бәрінен.
Ботақаным сұрап алған құдайдан,
Жазылып кетесің ғой мұңайман.
Не керектің бәрін әкеп беремін.
Өтейікші бұл қиын сәт бір айдан.
Қошақаным сұрап алған Алладан,
Сенен асқан бұл ғаламда барма адам.
Әр бір жанның тіл көзінен сақтасын,
Сәнім болып жүре берші жан балам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу