Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  108


Автор: Ерлан Рымбек

Ай қай заман мына заман бұлдыр заман...

Ай қай заман мына заман бұлдыр заман,
Қазақтан тілді ұрлаған, дінді ұрлаған.
Ел болам десең түзе бесігіңді,
Әйтпесе болашағың бұлдыр маған.
Өзге тілмен сөйлесіп үйіңізде,
Баланың сағын дұрыс сындырмаған?
Аманбысың қандастарым қазағым,
Сендерге арнап наз мұңымды жазамын.
Құлдық сезім өткеніме сүйектен,
Сол бір жайды ойлап кетсем азамын.
Көздеріңнен жас емес қан ағызып,
Тартпаңдаршы өзге тілдің азабын.
Ана тілің үстем болып әрқашан,
Бауырларым тарқамасын базарың,
Өз тілімде жырлап бүгін өтермін,
Сыр беріп келсе де ертең ажалым.
Жүрегімде ән ұраным барында,
Өз ұлтымның рухын жырмен қазамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу