Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  119


Автор: Ерлан Рымбек

Адам жанын түсінеміз өлген кезде...

Адам жанын түсінеміз өлген кезде,
Суық тәнді қара жерге көмген кезде.
Тірлігінде табалап,жақсы дейміз
Көз жанары сөнген кезде.
Мен жайлы білгің келіп бара жатса,
Жасаған тірлігімді елден ізде,
Тағдырымның жазуына бағындым мен,
Ана ақ сүтін інгалап емген кезде.
Абайсызда өкпелетсем кешіріңдер,
Қайтамын-ау менде бір күн келген ізбен.
Ақындар атақ құмар десе біреу,
Алып қашпа сөздерге ермеңіздер.
Тілейтінім тәңірімнен ең бастысы,
Сендер менің тағдырымды көрмеңіздер.
Қанша қате жіберсеңде,қазақ жұртым,
Ар намысты қолдан тек бермеңіздер.
Ойды түйіп жалғанда бар білгенім,
Жоғардағы билікке сенбеңіздер.
Жалған уәде олардың ұраны ғой,
Таудай бақыт берем десе көнбеңіздер.
Өйткені әр бір басшы өзін ойлап,
Халықты емес,жұмсақ орын төрден іздер.
Биліктегі басшылар былай тұрсын,
Ақындардың ниетіне шөлдеңіздер!
Жанымды шүберекке түйген халқым,
Сен деп түйген ойымды бөлмеңіздер.
Әр бір сөзді жалған айтқан болсам егер,
Билікті емес,онда мені тергеңіздер.
Туғанынан ахихатты іздеген қарт,
Жан бергенде бәрібір көрден іздер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу