Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  199


Автор: Ерлан Рымбек

Аружанға

Сағындым ғой балам сені сағындым ғой,
Көзімнен мұңлы жас боп ағылдың ғой.
Анаң алып кеткен күннен өзіңді,
Сенесің бе тынысым тарылды ғой?.
Сағындым ғой балам сені сағындым ғой.
Әкелік борышымды өтемедім,
Менің де жетпес енді көпке демім.
Маңдайыңнан бір иіскеп жатушы едім,
Мен үшін балдай тәтті шекер едің.
Ертегімді кімге айтып берем енді,
Қалай менсіз ұйықтап жүрсің еркем менің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу