Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  125


Автор: Ерлан Рымбек

Кешіріңіз артық кетсем, жаңылғаным...

Кешіріңіз артық кетсем, жаңылғаным,
Өкпелетсем қайысқаны қабырғамның.
Телефон шалып мазаңызды ала берсем,
Ол менің сізді шексіз сағынғаным.
Айыпқа бұйырмаңыз бұл сөзімді,
Қолдан жасап алғаным жоқ гүл сезімді.
Кешіріңіз, өтінемін, кешіріңіз,
Қателессем кешірмеспін бір өзімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу