Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  166


Автор: Ерлан Рымбек

Кешіре алсаң кешші мені, сүйіктім...

Кешіре алсаң кешші мені, сүйіктім,
Өзімді өзім неге сенен суыттым?
Жан-тәніммен сүю деген не екенін
Сен арқылы, сен арқылы біліппін.
Қайтейін енді, қайтейін,
Ақылымнан адасып мен жүріппін.
Кінә менен де болды, сенен де,
Тағдырға жалған қалайша мен сенем де?
Қоштасқанмен екеуміз мәңгілікке,
Жанарыңды, жаным, қайтып көрем бе?..
Қайтейін енді, қайтейін,
Маңдайдың жазғанына көнем де.
Тілеймін саған таудай алтын бақытты,
Тілеймін саған дархан көңіл, шаттықты.
Ал мен болсам, ал мен болсам, сені ойлап,
Қайғы-мұңның тереңіне батыппын.
Қайтейін енді, қайтейін,
Маған да келер шуағымен бақыт күн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу