Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  84


Автор: Ерлан Рымбек

Махаббатым қайта оянды тасыған...

Махаббатым қайта оянды тасыған,
Іштегі дертті қалай жасырам?
Жүрегімді менің қинап жүргені,
Көзіңнің, айтшы, жасы ма?
Тағдырдың мұндай күйге әкелерін
Ойламадың неге басынан?
Тым болмаса еркелетіп
Сипауға да зар болдым ғой шашыңнан.
Енді міне, бағымды қолдан ұшырып,
Бір көруге құштар болып асығам.
Асығам да, іштей күйіп ашынам,
Махаббатым қайта оянды тасыған…
Сүйіктім, кешіре алсаң кеш мені,
Қайда жүрсем сүйіп өтем тек сені.
Бақыттымын өзің барда, жаным-ау,
Өзің барда көтеремін еңсемді.
Бақыттымын сендей жаным барында,
Кездестірген күндеріме таңмын да.
Өткен-кеткен істеріме қапаланып бас ұрдым
Разы болмай кейде жылап тағдырға.
Сенен асқан бұл өмірде адам жоқ қой, сүйіктім,
Мына өмірдің тозағына кеткенім бе күйіп тым?
Жүректегі ғашық сезім жырларымды
Іштегі асыл сарайыма үйіппін.
Не десең де, о де мені,
Сен менің жүрегімсің.
Не десең де, о де мені,
Сен менің тірегімсің.
Шіркін-ай, көңілімнің жазы болып,
Күн көзіндей қайта айналып күлермісің!
Не десең де,о де мені,
Сен менің тағдырымсың.
Мынау жалпақ жалғанда келбеті кең,
Сөнбейтұғын жарығымсың.
Алақандай ғана нәзік жүрегіме
Ғашық сезім қалдырыпсың,
Үмітім үзілді деп жүргенде
Махаббат отын жандырыпсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу