Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  126


Автор: Ерлан Рымбек

Өз тіліңді құрметте

Не айтамын ауылдағы қайран жұртқа,
Өзге тілдің қазығына байландық па?
Ана тілдің мәртебесін көтере алмай,
Қаны қазақ, ұлты орысқа айналдық па?!
Кірсең болды ішіне әр мекеменің
“Орысша сөйлеңіз” деп итереді.
Біз Ресейдің тұсында жүрген жандай,
Азаматы сияқтымыз бөтен елдің.
Халық соты деген жерге барып едім,
Жеке бастың мұңын сотқа шағып едім.
“Арызды жазыңыз, деп, орыс тілде”
Мен білмейтін тілмен басты жарып еді…
Әкетпеші көңілімнің жарығын,
Бір өзіңсіз ішкі әлемнің бәрі мұң.
Махаббаттың ауылынан адастырып
Әкетті ме жалған мені тағдырым?
Сендей жанды өмірімде көрмеп едім,
Көңілімнің бесігін тербеткен де сен дер едім.
Ақылымнан адасып жынданғанда
Бір ауыз сөзіңнен-ақ емделемін.
Бар өмірім өзіңе арналады,
Тек өзіңмен шарлап өтем бар даланы.
Егер, жаным, ғайып болып кетер болсам,
Сен деп соққан жүрегімде ән қалады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу