Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  109


Автор: Ерлан Рымбек

Сен несіне менен үркіп налисың...

Сен несіне менен үркіп налисың,
Кейде аяз боп көңілімді қарисың.
Әрбір басқан іздерімді босатпай,
Елес болып артымнан кеп аңдисың.
Кейде ән болып толқытасың жүректі,
Сондығымнан сені әлемге жыр еттім.
Кейде бізді бақытсыздық қазығына
Мәңгі байлап тастағандай күрмеп тым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу