Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  88


Автор: Ерлан Рымбек

Ұйықтап жатып жүріп кетсем ешкім сезбес....

Ұйықтап жатып жүріп кетсем ешкім сезбес,
Құдайым қайта өмірдің кілтін бермес.
Бойымдағы бар күнәмді тазартқанмен,
Қайтып мені қалың қазақ, жұртым көрмес.
Аласапыран көшпелі бұл заманда
Тыныштығын бере ме екен адамға?
Бірде көзі ашылғанмен көңілдің,
Қараңғысы қалады екен санаңда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу