Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  204


Автор: Ерлан Рымбек

Абай-Шәкәрім - қос бәйтерек

Өнер қуып, жыр жүрекпен дала кезгем,
Дала кезіп өлең жаздым бала кезден.
Өлеңдерін оқып Абай-Шәкәрімнің
Ғибрат алып, білім алдым дана сөзден.
Жапырақтар сарғайып сары қайың,
Өлеңдерім шертеді сары уайым.
Ұрпақтар аңыз етіп айтып жүрген,
Қалай, жомарт жандарыңнан арылайын!
Өлеңдерің жүрегіме дуа берді,
Ықыласым жас толқындай құлап еді.
Дүние бос қалса да, өздеріңсіз
Жырларыңды жұртшылық ұғар ма еді?
Көкірегімде өлең оты маздаған,
Ақын бар ма бұл фәниде озбаған?
Жансыз бейне суретіңе қарап тұрып
Қанша ақын жырыңды оқып боздаған.
Құлазып тұр өздеріңсіз боз далам…
Селдей сезім болмаса шоқ денеде,
Кеткендей болам жырсыз жат кемеде.
Сендер жайлы оқымасам бір өлең,
Қалғандай болады ғой дақ денемде.
Жыр арқылы келер қайтып көктемім,
Жыл құсындай келер қайтып өткен күн.
Кеудемнің сарайында жырларың
Сездіреді қанша дана өткенін.
Гүл шоқтарын қойып тұрып мазарыңа,
Қайта оралам өлеңнің базарына.
Осы өлеңім, бәлкім, бақыт әкелер деп
Бір Аллаға сыйынамын жазарымда
Деп қараймын іштей тынып, ойға батып,
Қайта оралам өлеңнің базарына.
Мен сендерді дана тұтып заңғарладым,
Өшпесін тек жыр оты боп жанған бағым.
Өлеңімнің аты болды “Қос бәйтерек”,
Ақындардың алып-ұшқан тарландарым.
Күнім өтер жылқұстың қанатында,
Келер қайтып сағым боп армандарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу