Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  147


Автор: Ерлан Рымбек

Сүйіктім

Тұла бойға қуат беріп, сүйіктім,
Жанарыңмен жүрегімді жылыттың.
Махаббаттың ұлы күш-қасиетін
Сен арқылы, сен арқылы ұғыппын.
Махаббаттың шамын жағып, сүйіктім,
Шырағыңмен пәк жанымды жылыттың.
Сағынышым күйіп-жанып кеудемде
Сен арқылы жыр жазуды біліппін.
Өмірімді жырға балап, сүйіктім,
Көңілімнің ауа райын құбылттың.
Жырым шолақ, махаббатым мәңгі деп
Мен өзіңе басымды иіп жүріппін.
Мен ғашықпын оттай жанып, сүйіктім,
Ыстығыңа кеткендеймін күйіп тым.
Сенің қызыл шиедей ерініңе
Бір сүйгеннен ұмыта алмай құнықтым




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу