Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  181


Автор: Ерлан Рымбек

Қайырбек досыма

Сен досым ең, мұңдасым ең аяулы,
Жігіт едің ақынжанды баянды.
Қанша еңеуміз айрылмас дос болсақ та,
Ақындығың менен ерте оянды.
Жүруші едім мен өзіңе құмартып,
Жырларымның күйін саған бұратып.
Басқалардың қасында көп жүрсем де,
Бір болған сәт өзіңменен мың артық.
Бірге аралап біз ауылдың көшесін,
Қайтардық па балалық шақ есесін?
Мен ойынның суын жалдап кешкенде
Сен өлеңнің суын жалдап кешесің.
Тұратын жанарыңнан шуақ тамып,
Сырыңды сен айтушы ең мың ақтарып.
Өлеңдерің кейде өзіңе ұқсап бір,
Жауушы еді көктемгі нұр сияқтанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу