Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  88


Автор: Ерлан Рымбек

Әкетайым

Ақ тілегің көктен нұр боп шашылған,
Күлкің, әке, күндей болып ашылған.
Арнаймын бір өзіңе жыр-әнімді
Көк теңіздің толқынындай тасыған.
Құшақ жайып арманыңмен желесің,
Әке жыры болып өзің енесің.
Өзіңменен көрем, әке, ұйқысыз
Өмірдің қиын-қыстау белесін.
Бізге бақыт, бізге саулық тіледің,
Орындалсын берген батаң, тілегің.
Алыс сапар жүрсем егер “аман бол” деп
Қатты құшып, жібермейді білегің.
Әкетайым, әкетайым, әкетайым,
Келеді, әне, тәй-тәй басып кішкентайың.
Құшағыңнан енді шықпас балапаның,
Қандай ыстық, жаным әке, алақаның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу