Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  95


Автор: Ерлан Рымбек

Өлең деген – жол екен ғой ирелең...

Өлең деген – жол екен ғой ирелең,
Қысты – көктем, жазды қуған күздейін.
Сол ақ жолмен арманына жетем деп
Өткен талай ақындардың тізбегі.
О, өлең, жауып тұрған қар ма едің,
Әлде желмен тербетілген тал ма едің?
Әлде сенің құшағыңа, әлеміңе
Мен сыймайтын, соншалықты тар ма едің?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу