Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  211


Автор: Ерлан Рымбек

Сағыныш хаты

Тірімісің, ғашығым, арман болған сырласым,
Жүрегім тек өзіңе мұңын шағып жырласын.
Сүйіп едім, қайтейін, қарсы болды тағдырым,
Өмірдегі бақытың болмас менің құр басым.
Сағындым ғой даусыңды, нәзік сенің үніңді,
Сағындым ғой сайраған және қызыл тіліңді.
Бір-ақ күнде арманым таспен атқан шыныдай
Шағылды ғой, бүлінді…
Тірімісің, аяулым, тірімісің,
Қайда сенің адал сезім, ұлы күшің?
Жан-дағы жарасынан жазылмайды,
Әлде сен басқа жанның гүлімісің?
Тірімісің, жаным-ау, тірімісің,
Бітпейді саған деген бұл бір ісім.
Айтшы, күнім, ұқтыршы жан сырыңды,
Әлде сен басқа жанның жырымысың?
Өткен бір сәт кетер емес көңілден,
Үмітімнің жібі үзілді өрілген.
Жүректегі саған деген жырларым
Көздерімнен мөлдір жас боп төгілген.
Тірімісің, бақытым, тірімісің,
Көз алдымда болдың сен тірі мүсін.
Сен де арман жетелеген бұл күнде
Басқа жанға ғашық жанның бірімісің?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу