Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  111


Автор: Ерлан Рымбек

Өмір

Өмір деген - бұлақ екен арнасымен ағатын,
Өмір деген - шырақ екен алауланып жанатын.
Өмір деген - арғымақ қой апаратын алысқа,
Өмір деген - жыл құсы екен еркін жайған қанатын.
Өмір деген - жүрек қылын тербеткен
сезім екен нөсер болып селдеткен.
Енді бірде анаң болып жұбатса,
Енді бірде әке болып дем берген.
Өмір деген – нудай қалың орманым,
Жолдарымен жетелеген арманым.
Өмір деген – биіктерден тұратын,
Адам үшін аласармас заңғарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу