Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  95


Автор: Индира Кереева

Көндігу

Күлу үшін себеп керек,
Көктем сенсіз күрсінтеді.
Тағдырымыз бөлек.
Неге
Аңсатумен жүрсің мені?!
Сүюіміз бекер біздің!
(Ой емес бұл оқыс маған)
Тағдырымыз екеуміздің,
Әу бастан-ақ тоғыспаған.
Өмір, берген өкпең аз ба?!
Тағдырдың қай өші бізде.
Келе алмасаң көктем,
жазда,
Келесің бе осы күзде?!
Есімді алды ентікпе – мұң,
Жүрекке жоқ шара мүлде.
Күлме, бірақ...
Көндіккенмін,
Сенсіз өтер мына өмірге




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу