Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  104


Автор: Динара Мәлік

Сен кеткелі өлең жаза алмадым...

Сен кеткелі өлең жаза алмадым,
Өзіңсіз-ақ,өзге жолды таңдадым.
Сезіп жүрсің, біліп жүрсің, апыр-ай,
шексіз сүйер жан барын!
Сен кеткен күн, пенде болып жыладым,
періште-үміт, сөндірген соң шырағын.
Өмір жатты құшағымда бұлқынып.
Қаша алмадым құладым!
Сен кеткен соң, тағдырымды тастадым,
Төсегінде түн өткізіп басқаның.
Қара жерге қайғым сіңді қаншама,
Арманымды арқалап жүр аспаным.
Сен кеткенде өкiнбедiм өткенге,
Бола алмадым, кiнәсi көп, кек-кеуде.
Болады екен, сағынсаң да іздемеу,
Болады екен, көз жасыңды төкпеуге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу