Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  105


Автор: Динара Мәлік

Фариза Оңғарсыноваға

Сені жалғыз дейтіндерді жек көрем,
Тағдырыңа таңба болған текті өлең!
Бір құдірет төгілсе де көзіңнен,
Шертілмеген күйлеріңді көп көрем!
Таңмен бірге жырларың тұр ән сала,
Табиғат та тілін тартты тамсана.
Сені сырттай құрметтейді сан адам,
Ал, сездірмей сүйетіндер қаншама!
Әр шашыңда тағдыры тұр өлеңнің,
Өлең болып бір ғұмырға бөлендің.
Жарқылдаған жырың қалар жолдарда,
Айтылмаған арманыңды білер кім?!
Жолдарыңда жүрек жүрді лүпілдеп,
Жүрек қалай жалғандыққа жүгінбек.
Бұлттай болып түйілгенмен бір демде,
Ақ жүрегің сөйлеп тұрды «шүкір» деп.
Сені қатал дейтіндерді жек көрем,
Қаталдықтан қайырымды көп көрем.
Әйел дейтін күз-ғұмырлы ақынның,
Өнеріне Жарық берген өткел ең.
Қара сөзге қиған едің адалдық,
Адалдықтан аңсар жырды таба алдық.
Қиял болып шумақтарда шырмалып,
Өлең болып кітабыңнан оралдық
...Сен әлі сүйеді екен гүл-өлең,
Қауызына қап-қара түн түнеген.
Киесіне сидырып ап тұлғаңды,
Өміріңді Алла болып тілеген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу