Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  92


Автор: Қалмаханбет Мұқаметқали

Балалық бiздiң қалқам, өттi бастан...

Балалық бiздiң қалқам, өттi бастан,
Қалдырып көңiлдерде отты дастан.
Өзгердiк: сен бойжеттiң, мен ержеттiм,
Қалпында тұр баяғы ақ сұр аспан.
Кездерiм тым аяулы, әйбат, керiм,
Жанымнан өте шықты жайнап менiң.
Арманның ақ жолына аттанарда,
Мен сенен айырылам деп ойлап па едiм.
Жетпей жүр түсiнiгiм түкке менiң,
Тұрса да келмей бәрiн тiптi елегiм.
Сыйладың тағдырыңды басқа адамға,
Мен сенен соны ғана күтпеп едiм.
Сазынан жаңылды да айтар әнiң,
Сен менiң толқуымды байқамадың.
Адалдық болар бәлкiм тұсау салған,
Ақ уыз бақытыңды шайқамадым.
Жүргенмен өзiң болып еске аларым,
Мен ендi саған ескi дос қанамын.
Тек, тағы саған арнап жырлар жазып,
Жаныңды мұңға орасам кеш, қарағым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу