Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  112


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Сағыну - бір бөлек әңгіме

Жүректің соғысы бәсеңдеп,
Араны суықтық бөлсе анық...
Ақ сезім-сиқыршы әсемдеп
Кездесу суретін бер салып.
Күнді күн, айды айға жапсырып,
Жүздесер бөлімнен сырғыдық.
Сезімде туындап тапшылық
Күдікті оқимыз жыр ғылып...
Дейміз де алдымыз перделі,
Жүрекке артамыз бейнет көп.
Өкпелер сендегі, мендегі
Сезімнің сабырын илетпек.
Арада туса да аз айып,
Атады өзіңмен таң күле...
Сенімен ұрсу да – ғажайып
Сағыну – бір бөлек әңгіме.
Осы да, керемет сәт, ұғын
Бақытқа табылар мың негіз!
Ортаны бөлсе де шақырым
Мен сендік, сен мендік, біргеміз




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу