Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  130


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Несiне жазамын мен осы өлеңді...

Несiне жазамын мен осы өлеңдi,
Ешкiмге керегi жоқ.
Көгертем деп жүр ме екен көсегемдi,
Соңымнан ередi кеп.
Бұралқы иттей жiберем қуып алыс,
Иесi мен емеспiн.
Дақпырты мен даңқының буы да алыс,
Ол үрген көне кештiң.
Селт етпеймiн үнiне. Сезiм өлген.
Отырам меңiрейiп.
От көрмеймiн қара түн көзiнен мен,
Ойлаймын соны кейiп.
Аулақ жүршi, тынышымды ала бермей,
Азабым аз ба менiң?
Қозғалмайын деп едiм қара жердей,
Не деген жазған едiң…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу