Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  89


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Құбыла қашқан көз алды құбыла жаққа,

Құбыла қашқан көз алды құбыла жаққа,
Қаусаған қартым, кешетiн ғұмыр азап па?-
Суланған жанар кiрпiксiз қарайды жиi
Терезедегi гүл өскен құмыра жаққа.
Бүгiн бе əлде, ертең бе, кiм бiлер…
Алматыдағы қаңғыбас ұл кеп үлгерер.
Тататын дəмнiң таусылар сəтi осы ма-ау,
Асыққан ажал мың шығып, қайта мың кiрер.
Сезедi демiн денесiменен, санамен,
Тұтылып күн тұр тұншыққан алыс қара мең.
Көрген бiр түстей жадында қайта жаңғырды
Əкетiскендер анасын қара шанамен…
Барады бұл да, болады мəңгi бiрге ендi.
Ата-ана, шiркiн, аулаққа салма iргеңдi.
…Терезе жаққа тесiле қарап күтуде ол
Алыс ауылда армансыз қаңғып жүргенi…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу