Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  97


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Сөйлеп жатыр əр тал шөп...

Сөйлеп жатыр əр тал шөп,
Үн шығарды əр тастан.
«Жарығымды қарсы ал» деп,
Жар сап жатыр жарты аспан…
Боз əлемде ерiген,
Iз қалмады жарты айдан,
Жанын түнге телiген,
Күннен бұрын қартайған…
Күншығыстың кемерi,
Сығырайған жарты Күн.
Дала желi желедi,
Ала қашып алтынын.
Қолмен ұстап, көзбен көр,
Сынып түсiп сəулелер,
Салмақтарын безбендер
Селеу басын əурелер.
Тұлданып ап төзiмге,
Қыран ұшты жартастан.
Құмырсқаның көзiнде
Төңкерiлдi жарты аспан.
Тың жаңалық ашқам жоқ,
Пайымдадым көненi,
Төңкерiлген аспан боп,
Күндi көргiм келедi…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу