Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  97


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Айдай екен – аңтарылдым...

Айдай екен – аңтарылдым,
Күндей екен – күлiмдедiм.
Ассыз-сусыз қаңтарылдым,
Барым-жоғым… бiлiнбедiм.
Ай астында алтын екен
Күн астында күмiс екен.
Жұтқаны кiл салқын екен,
Басқаны кiл пүлiш екен…
Ай астында аппақ екен,
Күн астында күрең екен.
Айтқан сөзi – нақ-нақ екен,
Тоқығаны кiлем екен…
Айдай екен – алыс екен…
Күндей екен – көз қарықты.
Көрген жерде таныса екен
Көзiн сатқан бiз ғарiптi…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу