Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  705


Автор: Жібек Ысқақова

Бастауышпен қоштасу

Бастауышпен қоштасу жетті күні,
Оң аяқпен ең алғаш қадам басқан.
Шырайлы күн сәулесін төкті міне,
Білім менен ілімі араласқан.

Әріптерді таныдың ең алғаш сен,
Бастауыштан барлығы басталатын.
Жазу, сызу осында барлығы да,
Ұстаздардың көмегімен расталатын.

Жетелейді алға үміт бастауышта,
Көңіліңіз шуақты күйге еніп.
Ең алғашқы ұстаздар тек осында,
Үйрететін балаға білім беріп.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу