Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  91


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Бір інішекке

Бұзылғанның құптарсың қай бір ісін
Бұрыс жолға түскен бұл қай жүрісің?
Бет алмақсың қылмыстың əлеміне
Тоқта, баспа күнаға байлық үшін.
Жұпынылық тəйірі-ау, қасірет пе?
Байлық үшін қылмысты кəсіп етпе.
Текке кетпес қылдай да қиянатың
Сұрауы бар бəрінің ақыретте!
Елді тонап байыған күнəлілар
Түбі жақсы болмайды-ау, сірə бұлар.
Əлімжеттік салтанат құра бермес
Сұрауы бар, бəрінің сұрауы бар.
Бай, кедей деп өзінше бөледі адам
Ол асқандық қате айттың деме маған.
Ақырып келгенімен озбырлығың
Түбі əділдік жеңеді сенем оған.
Оңай олжа көп тұрмас ол да сірə.
Бір жамандық тілеме өз басыңа.
Жауыздықтың жолымен мал табам деп
Қалмағайсың біреудің көз жасына.
Жұпынылық тəйірі-ау, қасірет пе?
Байлық үшін қылмысты кəсіп етпе.
Текке кетпес қылдай да қиянатың
Сұрауы бар бəрінің ақыретте!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу