Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  68


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Ақ Азиада, Ақ Азиада...

Ақ Азиада! Бұл да бір тарих
Жерінде өткен қазақтың.
Ақ Азиада, сыйладың анық
Мереке-Думан ғажап бір.
Əлемді шарлап келіп тұр бүгін,
Ақ Азиада алауы.
Ұстайық биік Жеңістің Туын
Халықтың осы қалауы.
Тоқсанға жасы қалса да таяу
Əзілхан ағам əлі тың
Жүгірді алға, қолында Алау
Жастардың қайрап намысын.
Ақ Азиада, маңайы думан
Айналды бүгін əнге атың.
Бастап бір кетті доданы қызған
Астанам мен Алматым...
Ақ Азиада! Əсерің қандай!
Қарсы алып құшақ жаямын.
Қызады жарыс қаперіне алмай
Қақаған қыстың аязын.
Ақ Азиада! Бұл да бір тарих
Жерінде өткен қазақстың.
Ақ Азиада, сыйладың анық
Мереке-Думан ғажап бір




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу