Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  4819


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Әлия, Мәншүк

Екі қызы елдің мақтаулы
Қан майданға қатар аттанды.
Жау жағадан жармасқан еді,
Гүлді дала қанға батқан-ды.
Мерт болды да олар ел үшін,
Ерліктері есте сақталды.
Əлия! Мəншүк!
Ер қыздары елімнің,
Əлия! Мəншүк!
Гүл қыздары жерімнің.
Əлия! Мəншүк!
Аттары əнге айналған.
Əлия! Мəншүк!
Қос жұлдыз көкте жайнаған.
Соғыс жайлы сұра анадан,
Айрылған туған баладан.
Əлі күнге хабарын күтіп,
Өшірмеген ойдан-санадан
Əкелерін əлі көрмеген,
Сағынышы мəңгі сөнбеген
Жетімдерден сұра соғысты,
Көкелері қайтып келмеген.
Сүйді олар бейбіт əндерді,
Отан-Ана намыс, əл берді.
Жұлдыздардай тым ерте сөніп,
Болашақты қорғап жан берді.
Көрмеді олар бейбіт, ақ таңды,
Есімдерін ұрпақ жаттайды.
Аманат қылып қалдырды бізге
Бейбіт күнді мəңгі сақтауды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу