Өлеңдер ✍️

  18.05.2022
  124


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Адамдар, өтірікке алдана тұрыңдар!!!

Балшық деп айтса егер тас екеш тасты да,
Қарамай сене бер аяғың астына.
Тұмсығың сол тасқа тигенде, ес жиып,
Шындықты іздерсің, жанарың жас буа.
Сенбеймін мен енді,
Сенгенмін жетеді!
Адамдар сүйем деп жылатып кетеді.
Өмірдің шын сиқын танымай жүрмісің,
Жалақор, парақор, бəлеқор мекені!
Шындыққа дүниеде асыл жоқ тең келер,
Десек те адамдар, алдаумен емделер!
Ақшаға сатылып кетеді екен ғой,
Арманы таусылған бейшара пенделер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу