18.05.2022
  352


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

ДҮНИЕНІҢ АДАЛ ИГІЛІКТЕРІ

Нақақтан жамандауға әдеттенген өсекшілер – дүние шарабынан жаратылғандардан. Дүниедегі бар нәрсенің бәрі түптеп келгенде, жаман болып шығатынына күмәнданбағын. Бәлкім, жараты- лысы дүниеге тән емес, дүниеде кейбір нәрселер бар шығар. Сондықтан да ілім және оны пайдала- нып амал қылмақ – дүниелік болғанымен, түп- теп келгенде, дүниелік болмай шығады. Ілім мен амал – адаммен бірге ақыретке баратындардан. Амал шын мәнінде өзі жолдас болса, оның әсері де жолдас болар. Амалдың әсері екі түрге бөлінеді. Әуелгі бөлігі – діл жауһарын пәк және сап таза сақтамақта. Күнә қылудан басқа да қолайсыз нашар істерден күтіне, сақтана білу керек. Екінші бөлігі


Хақ тағаланың айтқан сөздерімен бір пікірлес болу керек. Тағат және ғибадатқа бар ықыласымен кірісіп, оны бұлжыттай орындауымен асыл болар. Сонымен, ілім мен амал ең қажетті істер қатарына жатады. Ақыретте адаммен бірге болатындардан, сондықтан, Хақ тағала Құран Кәрімнің Қаһф сүресі 46-аятында: «Жақсы істер мәңгі-бақи қалар» депті. Сонымен, ілімнің ләззаты – ғибадат етіп сыйыну ләззаты. Хақ тағаланың сөздерімен бір пікірлес болып, оны жан-діліңмен қабыл алудың ләззаты бар ләзаттардан артық та және ұлық та болар. Ілім мен амал дүниелік те, дүниелік емес те дедік. Ал ләззаттардың барлығы, оның мазмұны бола бермес. Бәлкім, кейбір ләззаттар дүниелік бол- мауы ықтимал. Ал біреулері дүниелікке тән болады да, өлгенінде ақыретке жолдас болып бірге бара алмас. Сондықтан қатын алмақ және тағат етуге қуат беруші азық, тамақ, киім-кешек, отан құрмақ, жыныс қатынасы – бірден-бір дүниелік қажеттіліктерге жатады. Ал бұларды қадір тұту, ақырет жолдарының шарттары болар. Дүниеден тиетін бұлардың үлесіне қанағат қылу керек. Кей- бір қарама-қайшылық болса да, бұлармен ақырет ісін үлкен талап-талпыныспен орнына келтіру керек. Бұл жолда болған адамдар ақылый дүние (есі-түсі дүниеге шығып кеткендер) қатарында болмас. Дүниенің мазмұндық мәртебесі сол бо- лар. Дүниеден ақырет мақсатының нәтижесін табу болмаса, бәлкім өкінішке себеп болып, бұл ғаламда тұрақтап қалуға көңілін байлап және ақыретке жиіркенішпен қараса, бұл жағдайда болмақ жиіркенішті мазмұн болар. Осыған бай- ланысты, Әзірет (С.Ә.У.) дүние лағынатталған (жиіркенішпен қаралған) және түрлі нәрселер дүниеде болар. Олар да лағынатталған. Егер Хақ тағаланың айтқаны мен сөздеріне сай болса, ме- дет, көмек беретін нәрселер мақтауын тауып, жақ- сылығы баяндалады. Сонымен, бұл дүние мақ- саты мен ақиқатын мұншалықты сөз етуімнің өзі жеткілікті шығар, қалғанын үшінші бөлімде баян- дармын. Инші Алла тағала.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу