Өлеңдер ✍️

  16.05.2022
  151


Автор: Ақұштап Бақтыгереева‎

Донеділ, Жайық неге лай мына...

Донеділ, Жайық неге лай мына,
Толқынға көне жаға шыдайды ма?!
Тегінде қуат, айбын, мінез жатса,
Ол бізден не істейін деп сұрайды ма?!
Мұз тесіп өршіл ағыс аптықты да,
Көшкен сең сатыр-сұтыр соқтықты ма?!
Бұл ауыл жағадағы не көрмеді,
Кешті ғой байлықты да, жоқтықты да.
Тасысын, бір сәт су да жылап алсын,
Тыншығар арнасына құлағасын.
Тап биыл сенің нәзік әуеніңе
Жайықтың түрі жоқ-ау жұбанатын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу