Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  104


Автор: Нүсіпбай Әбдірахым

Тәкаппар едің, жаным сен...

Тәкаппар едің, жаным сен,
Сол қалпың әлі,
Иіліп мен де бармадым.
“Ұмыттым”- дедім,
“Жылыттым”- дедім өзгені,
Өзімді-өзім алдадым.
Өлең де жаздым. Кімдерге керек ол өлең?
Өзіңе оқи алмадым.
Күйінген кезім көп болды мұңның
Көтере алмай салмағын.
Жасырмай айтшы, ардағым,
Кеттің бе мүлде ұмытып мынау өмірде
Өзіңді құлай ес-түссіз сүйген жан барын?
Күшпенен тежеп жүрмін мен асау сезімнің
Бұрқанған дүлей дауылын.
Ағыл да тегіл ағылар көздің жасындай
Селдетіп өтер жауынын.
Мейлі ғой, қайта оралмас мынау өмірден
Сен күліп өтші, қалдыр да маған ауырын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу